10 қазанда Қазақстанда кәсіподақтар күні атап өтіледі. Бұл күні Ғабит Мүсірепов ауданы мәдениет саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы да мерейтойын тойлады. Биыл ұйымға — 55 жыл, деп жазады Qazaqstan Media.
Салтанатты жиын Новоишимка ауылының аудандық мәдениет үйінде өтті. Оған кітапханалардың және ауылдық клубтар кәсіподағының мүшелері жиналды. Аудан әкімінің орынбасары Берік Сапанов мерекелік кешке жиналғандарды мейрамдарымен құттықтады. Ол еңбегімен ерекше көзге түскен қызметкерлерге Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті.
Кездесуде кәсіподақ ұйымының жетістіктері мен жоспарлары жайлы айтылды.
Ғабит Мүсірепов ауданының кәсіподақ ұжымы бірнеше рет республикалық байқауларда топ жарған болатын. Бұл қызметкерлердің үлкен кәсібилігін көрсетеді.
«Ауданның кітапхана жүйесінің ұжымдарын: аудандық мәдениет үйін, Чистополье, Рузаев, Привольный және басқа да ауылдық мәдениет үйлерінің қызметкерлерін кәсіподақ ұйымының мерейтойымен құттықтаймын. Кәсіподақтың барлық мүшелеріне табыс, шабыт, денсаулық, жаңа шығармашылық жоспарлар тілеймін», — дейді мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының СҚО бойынша филиалының төрағасы Гүлнар Қасымова.
Кәсіби ұйымның ең белсенді мүшелері марапаттарға ие болды. Олардың қатарында аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі және мәдениет кәсіподағының төрағасы Елена Тимощук бар. Ол аталмыш қызметте 20 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Адал еңбегі үшін Қазақстан кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» төсбелгісімен марапатталды.
«Бұл мен үшін күтпеген жағдай болды. Эмоциямды сөзбен жеткізе алмаймын. Мен біздің кәсіподақты мақтан тұтамын. Менің жеке жұмысым бағаланғанына қуаныштымын. Бұл шын мәнінде қиын жұмыс, бірақ мен оны өте жақсы көремін. Кейде қаржыландыруды табу керек, кейде олқылықтарды жою керек. Марапатты алу мен үшін үлкен жетістік»,— деді Елена Тимощук.
Аудан кәсіподағында 91 адам бар. Олар ұйымныңөміріне белсенді қатысады және жұмыс процесіндежан-жақты қолдауға ие. Қажет болған жағдайдаоларға әрдайым кәсіподақтан көмек көрсетіледі.
«Біздің қызметкерлерімізге және ұйым мүшелеріне үнемі қол ұшын созамыз. Мысалы, біздің әріптесіміздің баласы ауырып, қымбат есту аппараты қажет болды. Біз бәріміз бірігіп, бір күнде керек қаражатты таптық. Адамдарға қамқорлық жасау, олардың мәселелерін шешу, кәсіподақ мүшелерін ғанаемес, олардың отбасыларын біріктірумен 20 жылбойы айналысып келемін», — деді Елена Тимощук өзжұмысы туралы.
Ғабит Мүсірепов ауданының кәсіподақ бастауыш ұйымы Солтүстік Қазақстан облысында үш рет және республикалық деңгейде екі рет үздік деп танылды. Ұйымда ақпараттық кездесулер, өзекті тақырыптарды талқылау, сондай-ақ спорттық іс-шаралар мен сенбіліктер үнемі өткізіліп тұрады.
Тағы оқыңыз: М. Жұмабаев ауданында 15 жыл жөнделмеген жол дұрысталды