СҚО-да мәслихат депутаты сегіз айдан бері қамауда отыр

СҚО-да мәслихат депутаты, Петропавл қаласы әкімдігіне қарасты «Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар» КМК директоры Павел Булаев сегіз айдан бері қамауда отыр. Қазір оған қатысты тергеу аяқталып, оның қорғаушылары іс метриалдарымен танысып жатыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Облыстық мәслихат депутаты, Петропавлдағы «Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар» КМК директоры Павел Булаев орынбасарымен бірге 2024 жылдың көктемінде қамауға алынған болатын. Олар 2020-2021 жылдар аралығында үлестес кәсіпорындармен кәріз желілерін реконструкицялау, сорғы станцияларын жөндеу және арнайы техниканы жалдау бойынша қызметтер көрсету кезінде шарттар жасасу жолымен 258 млн теңге бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталған болататын. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Атталған фактіге қатысты іс Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу сотында жатыр. Қазіргі кезде қылмыстық іс өндіріспен аяқталған.

«Булаев қазір қамауда отыр. Іс материалдары күдіктілер мен қорғаушыларына танысу үшін тапсырылды. Сотқа дейінгі мәліметтерді жариялауға шектеу қойылған», — деді бүгін өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров.

Тағы оқыңыз: СҚО дәрігерлері инсульт алып, үйінде құлап қалған қарияны құтқарды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x