Туысы үшін дауыс бермекші болған: СҚО-да референдум учаскелерінде осындай жағдайлар тіркелген

Солтүстік Қазақстан облысында алтыншы қазанда өткен референдумды түрлі ұйымдардан 1974 байқаушы қадағалады. Ескертулер болған, бірақ өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеген, деп жазады Qazaqstan Media.

«Дауыс» коалициясының байқаушылары 6 қазанда облыстағы 578 референдум учаскесінде дауыс беру барысын бақылауға қатысқан. Оны 1242 байқаушы қадағалады. Олар референдум учаскелері ашылған сәттен бастап, хаттамаларға қол қойылғанға дейін учаскелерде болған.

«Коалицияның аудандық деңгейдегі барлық штабтарында ситуациялық орталықтар күні бойы жұмыс істеді. Олар нақты уақыт режимінде учаскелерден ақпарат алып отырды. Яғни, бізде дауыс беру үдерісінің толық және сенімді көрінісі бар. Учаскелерден келген байқаушыларымыздың есептерін талдау, жалпы алғанда, орталық бақылау комиссиясы жариялаған деңгейде азаматтардың жоғары белсенділігі мен сайлауға қатысуын растайды. Сондай-ақ, учаскелік комиссиялардың жұмысына мониторинг жүргізу барысында өрескел заң бұзушылықтар анықталмағанын айтқым келеді», — деп мәлімдеді «Дауыс» коалициясының өңірдегі жетекшісі Жанат Мұхамеджанов.

Дегенмен, республикалық референдумда учаскеге келмеген туысы үшін дауыс бергісі келгендер болған.  Жасырын түрде үгіт-насихат жүргізбекші болған тұлғалар да болыпты. Бұл барлық бұзушылықтарға байқаушылар бірден белгіленген тәртіп бойынша әрекет етіп, референдум комиссиялары төрағаларының атына арыз жолдаған.

Сонымен қатар, саяси науқанның өту барысын «Аманат» партиясынан, «Мұқалмас», «Еркіндік қанаты», «Жастар үні» және басқа да ұйымдардан байқаушылар қадағалапты.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жауапсыз ата-аналардан 12 бала алынды – прокуратура

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x