Бір мектепті улауға жетерлік: Петропавлда 28 жастағы жігіт қала орталығында есірткімен ұсталды

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 28 жастағы петропавлдықтан аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіледі. Қала орталығында ұсталған жігіттен дозаларға бөлінген α-PvP есірткісі салынған 190 түйіншек алынған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Полицейлер 28 жастағы жігіттің жалдамалы пәтерінен «синтетика» салынған пакет, сондай-ақ буып-түюге арналған электрондық таразы, пакеттер, изолента, жазбалары бар дәптер, сондай-ақ АҚШ доллары мен Түрік лиралары тәркіленді. Күдіктінің айтуынша, ол шетел валютасын коллекциялаған.

«Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 205 грамнан асты. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Бұл шамамен бір реттік 1200 доза. Ол – нашақорлыққа бүкіл мектепті тарту үшін жеткілікті. Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда. Өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде есірткіні сақтағаны үшін ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Бір мектепті улауға жетерлік: Петропавлда 28 жастағы жігіт қала орталығында есірткімен ұсталды Бір мектепті улауға жетерлік: Петропавлда 28 жастағы жігіт қала орталығында есірткімен ұсталды Бір мектепті улауға жетерлік: Петропавлда 28 жастағы жігіт қала орталығында есірткімен ұсталды Бір мектепті улауға жетерлік: Петропавлда 28 жастағы жігіт қала орталығында есірткімен ұсталды

Тағы оқыңыз: СҚО қорғаныс істері департаментінің бастығы тағайындалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x