Солтүстік Қазақстан облысындағы перинаталдық орталықта жүкті әйелдер мен жас аналар референдумға қатысып, дауыс берді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
№625-ші референдум учаскесі облыстық перинаталдық орталықта ұйымдастырылған. Аталмыш учаскеде 1200-ге жуық тұрғын тіркелген. Олардың 150-ден астамы алғашқы үш сағат ішінде таңдауын жасап үлгерді. Сонымен қатар, атом электр станциясының құрылысына қатысты ұйымдастырылған жалпыхалықтық референдумға жүкті келіншектер мен жас аналар да қатысып жатыр. Олар үшін комиссия мүшелері бөлімшелерге тасымалдау урнасымен барды. 40 келіншек өз таңдауын жасады.
«Участок таңғы сағат 7.00-де әнұранмен ашылды. Әзірге дауыс беру үрдісі заң талаптарына сай өтіп жатыр. Аталмыш учаскде жас босанған ана мен жүкті келіншектер бар. Олар үшін комиссия мүшелері бюллетеньдерді алып, мөрленген тасымалдау урнасымен бөлімдерді аралап жүр. Сонымен қатар, бес тұрғын үйде дауыс беруге өтініш жазған. Оларға түстен кейін шығатын болады», — деді референдумның өту барысын байқаушы Елена Хомякова.
Тағы оқыңыз: ҚР СІМ: Шет елде жүрген қазақстандықтар рефрендумға белсенді қатысып жатыр