Қазақстанда референдум күні уақытша мекенжайға тіркелуге болады

Алтыншы қазанда өтетін республикалық референдумда тұрғылықты тіркеуі жоқ Қазақстан азаматтары референдум учаскесінің мекенжайы бойынша тіркеле алады. Аталған қызметті ХҚКО мамандары көрсетеді, деп жазады Qazaqstan Media.

Бұл күні елімізде 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде 196 дауыс беру учаскесіне халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары жұмылдырылады. Олар тіркеуі жоқ азаматтарды сайлау учаскесінің орналасқан жері бойынша уақытша тіркеуге тұрғызады.
Айта кету керек, референдум күні ХҚКО қызметкерлері референдум учаскесінде сағат 7:00-ден бастап 20:00-ге дейін болады.

«Егер тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ азамат дауыс беру үшін мектеп, колледж немесе ауруханаға жүгінсе, оны сол мекемеде тіркейді. Ескеретін маңызды жайт, 7 қазан күні азамат автоматты түрде тіркелген жерінен шығарылады, сәйкесінше дауыс беруші өз тұрғылықты мекенжайы бойынша қайта тіркелу керек», — деп мәлімдеді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

Петропавл қаласында ХҚКО мамандары мына учаскелер бойынша отыратын болады :
1. №667 — Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп Горький көшесі, 52 А
2. №600- Байкен Әшімов атындағы машина жасау колледжі Медведев көшесі,
3
3. №605 — № 31 кіші орта мектеп Пугачев көшесі, 129
4. №611 – Әлихан Бөкейханов атындағы №25 орта мектеп Залманов көшесі, 46/1
5. №637 –№23 орта мектеп-Назарбаев көшесі, 272.

Тағы оқыңыз: Шетелде жүрген қазақстандықтар референдумға қалай қатысады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x