Референдумның өту барысы туралы 37 елдің тілшілері хабарлайтын болады

Алтыншы қазанда өтетін референдум туралы 37 елдің тілшілері хабар тарататын болады. Бұл күні 200 шетелдік журналист  саяси маңызды оқиға туралы жаңалық дайындайды,деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Орталық референдум комиссиясының отырысында бірнеше мәселе қарастырылды. Орталық рефрендум комиссиясының  хатшысы Мұхтар Ерман  халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу қорытындылары туралы баяндады. Республикалық референдум өткізу кезінде шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын  аккредиттеу Астана уақыты бойынша 2024 жылғы 30 қыркүйекте сағат 18.00-де аяқталды.

«Қазақстанда атом электр станциясын салу жөніндегі республикалық референдумда байқауға 30 шет мемлекет пен төрт халықаралық ұйым (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес) атынан қатысатын 177 байқаушы қатысады»,- деді Мұхтар Ерман.

Референдум комиссиясының  шақыруы бойынша саяси оқиғаны байқауға 14 мемлекеттің орталық сайлау органдарының өкілдері қатысады. Оның ішінде Әзірбайжан, Беларусь, Тәжікстан және Өзбекстанның орталық сайлау органдарының төрағалары бар.

Отырыста Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Министрліктің 37 елден 200 шетелдік журналист аккредиттелгенін айтты. Олар да республикалық референдум өткізуді байқап, жариялайды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да анасы пышақ сұғып алған қыз ауруханадан шықты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x