Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев қарттарды мерекелерімен құттықтады. Зейнеткерлер үшін қалалық мәдениет үйінде концерт ұйымдастырылып, белсенді қариялар марапатталды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавл қалалық мәдениет үйінде ерекше атомосфера орнаған. Аға буын өкілдері бір-бірімен қуана қауышып, жылы естеліктерімен бөлісуде.

«Осындай жиындардан қалмауға тырысамын. Бүгін таныстарымды, бұрынғы әріптестерімді кездестіріп, көңілім көтеріліп, бір марқайып қалдым. Менің жасым 64-те. Зейнетке №17 ұлттық өркендеу орта мектебінен шықтым. Ондағы ұжым да бізді ұмытпай құттықтап отырады. Мен барлық замандастарымды мерекемен құттықтаймын. Бастысы денсаулық болсын. Ұзақ өмір тілеймін», — дейді № 17 ұлттық өркендеу орта мектебінің бастауыш ардагерлері ұйымының төрайымы Зулейха Бикметова.

Мерекелік шара барысында Зулейха Бикметоваға қала әкімі Петропавл қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хат табыстады.

Шаһар басшысы ардагерлерді мерекемен құттықтап, адал еңбектері және туған өлкесінің гүлденуіне қосқан үлестері үшін алғыс айтты.

«Қазіргі кезде Петропавлда 44 мыңға жуық зейнеткер тұрады. Олардың барлығы да Петропавл мен облыстың, елдің дамуы үшін аянбай еңбек еткен жандар. Сіздердің арқаларыңызда біз қиын кездерден қиналмай өтіп, барлығын еңсере білдік. Сіздер қажырлы етіп, бүгінгі күні бейнеттің зейнетін көріп отырсыздар. Сіздерге бар жасаған жақсылықтарыңыз үшін алғыс айтамын!», — деді сахна төрінен сөз сөйлеген қала әкімі Серік Мұхамедиев.

Салтанатты кештің ресми бөлігінен кейін, қариялар үшін өнерпаздар дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды. Олар үшін ретро әндермен қатар, заманауи туындылар да шырқалды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да белгілі аграрий кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін сотталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x