Солтүстік Қазақстан облысында қоқыс шығаруға тарифтер негізсіз көтерілген. Оған қоса экологияға қатысты талаптар орындалмаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Қоршаған ортаға қатысты заң талаптарының бұзылғандығы жөнінде облыстық прокуратурада өткен алқа отырысында айтылды.
Құзырлы орган жүргізген талдау нәтижесінде қалдықтармен жұмыс істеу кезінде заңнама талаптарының өрескел бұзылғаны анықталған.
Прокурорлардың араласуынан кейін 11 ауданда тұрғындар үшін қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтер белгіленді.
Облыстың тағы алты ауданында негізсіз көтерілген тарифтерді төмендету бойынша шаралар қабылдануда.
«Экологиялық заңнама талаптарын сақтамағаны үшін әртүрлі жауапкершілікке 95 тұлға тартылды, оның ішінде үш аудан әкімі де бар.
Отырыс қорытындысы бойынша ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылданды, сондай-ақ жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарға нақты тапсырмалар берілді», — деп жазды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Петропавлдағы медициналық колледж ұжымы қарияларды мерекемен құттықтады