Қыркүйек айының соңғы күндері диқандар 200 мың гектар жердегі егінді орып үлгерді. Қазір барлық алқаптың 78,3 пайызынан бидай жиналған. Ал кейбір шаруа қожалықтары орақ науқанын аяқтап үлгерді, деп жазады Qazaqstan Media.

Қазіргі кезде 4,5 млн тонна астық бастырылды. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, орташа шығымдылық гектарынан 17,6 центнерді құрап отыр. Дегенмен кейбір шаруалар бұдан әлдеқайда көп өнім алған.
Мысалы, Жамбыл ауданындағы «Ақ Жер 210» ЖШС гектар берекелегі 42 центнерден айналуда. Одан кейін Аққайың ауданындағы «Симаргл» серіктестігі. Мұнда өнімділік гектарынан 41 центнерді құраған. Айта кету керек, бұл ауданда шаруалар әр гектардан 22 центнер өнім алған.

Ал рекордтық өнімді Ғ. Мүсірепов ауданындағы «Тұқым» серіктестігі алды. Диқандар мұнда әргектардан 65 центнер өнім жинаған.

Әзірге өңірдегі элеваторлар 29 пайызға ғана толық.

«Астық сақтау қоймаларына 856,4 мың тонна өнім түсті. Оның 621,5 тоннасы бидай. Жаңа астықтың 48 пайызы 4 классты бидай», деп нақтылады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

Майлы дақылдарды ору жұмыстары да қызған. Қазір зығыр, рапс және күнбағыстың 24 пайызы жиналған. Мұнда өнімділік 12 центнердің маңында.

Тағы оқыңыз: СҚО-да халық саны жыл сайын бір пайызға азаяды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x