Петропавлда саяжай өртеніп, ер адам қаза тапты

Петропавлда «Борки» саяжай қауымдастығында өрт болып, тұрғын үй жанып кетті. Оқиға орнынан 1997 жылы туған ер адамның мәйіті табылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Өрт қыркүйектің 29-нан 30-ына қараған түні болған. Отты ауыздықтау барысында өрт сөндірушілер саяжайдан 27 жастағы ер адамның жансыз денесін тапты.

«Өрт салдарынан баспана толықтай жанып кетті. Оның қабырғалары ағаштан тұрғызылып, профлистпен қапталған екен. Алдын ала болжам бойынша от электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан», — деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Жалпы, өткен тәулік ішінде еліміздің өрт сөндірушілері тұрғын үй секторынан шыққан 20 отты сөндірді. Оқиға Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарында және Астана қаласында тіркелді.

Тағы оқыңыз: Қазан айы да жауын-шашынды болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x