Булаево қаласында жаңа аллея пайда болды

«Таза Қазақстан» республикалық акциясына М. Жұмабаев ауданының тұрғындары белсенді қатысуда. Олар осы уақытқа дейін елді мекендерді қоқыстан тазартып, ағаш отырғызды. Ал жақында аудан орталығында жаңа аллея пайда болды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Халықаралық қарттар және еңбек күні қарсаңында  Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғындары ағаш отырғызды. Сөйтіп, аудан орталығында «Ұрпақпен байланыс» атты жаңа аллея пайда болды. Бұл шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған. Оған аудан әкімі Рахат Смағұлов қатысты.

«Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы ауданымызда қарқын алған. Осы уақыт аралығында бірқатар шаралар ұйымдастырылып, біраз аумақтар тазартылып, абаттандырылды. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасын табады. Бүгінгі шара соның айқын дәлелі. Акцияға қатысқан ардагерлерге алғысымды білдіремін. Бірлесіп осындай игі істі атқардық. Бұл өскелең ұрпақ үшін маңызды болады», — деді Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі Рахат Смағұлов.

Булаево қаласында жаңа аллея пайда болды

Экологиялық акцияға аудандық ардагерлер кеңесі, депутаттар, құқық қорғау саласы, төтенше жағдайлар бөлімінің және түрлі мекеме қызметкерлері, шекарашылар, орманшылар, жергілікті атқарушы билік өкілдері қатысты. Игі бастамадан жастар жағы де шет қалмады.

«Біз отырғызылған барлық ағаштар өсіп, өркен жаятындығына сенімдіміз. Өзім осы шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Бұл өскіндер ертеңгі күні жайқалып, біздің ұрпақтарымызға сая болады. Ұрпақтар байланысы деген осы», — дейді шараға қатысқан Булаево қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Любовь Егорычева.

Жалпы, осы күні аллея аумағында 180 түп қарағай отырғызылды.

Булаево қаласында жаңа аллея пайда болды

Тағы оқыңыз: СҚО-да қос мұғалім мектепте бұрыш баллонын шашқан

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x