СҚО-да демалыс күндері 21 градус жылы болады

Қазгидромет мамандарының болжамы бойынша 28, 29-шы қыркүйек күндері өңірде ауа температурасы 21 градусқа дейін көтерледі, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Алдағы демалыс күндері Солтүстік Қазақстанда күн райы жақсарып, термометр көрсеткіші күндіз 21 градусқа дейін жетеді. 29-шы қыркүйекте күн жауын-шашынсыз болса, сенбі күні облыстың солтүстігі мен шығысында жауын жауады.

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша түнде ауа температурасы 0, +5 градусқа дейін төмендейді. Ал облыстың бастысында термометр көрсеткіші – 3 градусқа дейін төмендейді», — деп жазылған Қазгидромет сайтында.

Ал Петропавлда бұл күндері күндіз 19 градусқа дейін жылы болады. Түнгі уақытта 3-5 градус нөлден жоғары болады.

Демалыс күндері күн бұлтты болғанымен, облыс орталығында жауын жаумайды. Желдің екпіні секундына 14 метрге дейін жетеді.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда жол апатынан екі адам қаза тапты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x