СҚО-да өмірлік қиын жағдайға тап болған тоғыз мыңға жуық отбасы бар

Солтүстік Қазақстан облысында 204 мыңға жуық отбасы тұрады. Олардың 49 мыңға жуығы тәуекел тобында. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында оларды қолдау керектігі туралы айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қазақстанда отбасының цифрлық картасы енгізілді. Инновациялық платформа әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарды анықтауға көмектеседі.

Отбасылар өмір сүрудің негізгі критерийлері бойынша бағаланады. Кірістерінен бастап, адамның денсаулығына дейін ескеріледі. Талдау нәтижелеріне сәйкес, отбасылар бес санатқа бөлінеді. Олар: қауіпсіз, қанағаттанарлық, қолайсыз, дағдарыстық және шұғыл. Солтүстік өңірде 48,9 мың отбасы қауіпті санатта тұр. Оның ішінде 40,2 мың отбасы дағдарысқа, ал 8,7 мыңы шұғыл санатқа жатады.

«Отбасы құрамында жұмыспен қамтылмаған еңбекке қабілетті азаматтар болған жағдайда оларды жұмысқа тарту қарастырылады. Ол үшін Мансап орталықтары іске қосылады. Олар жұмыс берушілер мәлімдеген және мемлекет субсидиялайтын бос орындарға адамдарды тартады. Мысалы, қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, кәсіптік оқуға жолдама. Сондай — ақ гранттар мен шағын несиелер беріледі», — деп атап өтті облыстық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ринат Елжасов.

Тағы оқыңыз: Аялдамалар қысы-жазы таза тұруы тиіс – СҚО әкімі

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x