СҚО-да квадроциклмен аударылған ер адам көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново ауылында квадроциклмен аударылған ер адам көз жұмды. Ол алты күн бойы комада жатқан болатын, деп жазады Qazaqstan Media.

Қайғылы оқиға 19 қыркүйек күні болған еді. 56 жастағы ер адам үйінің ауласында Polaris маркалы квадроциклді басқара алмай қоршауға соғылған. Оның қасында немересі де болған. Алған жарақаттардан төрт жасар бала аудандық ауруханада көз жұмды. Ал ер адамға шұғыл ота жасалған болатын.

Содан кейін санавиация желісі бойынша ол облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Ауыр жарақат алған жүргізушінің жағдайын дәрігерлер аса ауыр деп бағалаған еді. Бірнеше күн комада жатқан ер адам есін жимастан, 23 қыркүйек күні қайтыс болды.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру дереу басталды. 

Қайғылы оқиға кезінде қаза болған бала бір күн бұрын жерленген екен. Ал ер адам 25 қыркүйек күні жер қойнына тапсырылмақ.

Тағы оқыңыз: СҚО-да төрт күн ішінде мас күйде көлік басқарудың 18 фактісі анықталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x