Қазақстанда патрульдік полиция қызметкерлеріне ишарат тілін білу міндеттелді

Қазақстанның патрульдік полиция қызметкерлерлі енді ишарат тілін үйренеді. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі Stan.kz сілтеме жасап.

ІІМ ресми өкілінің айтуынша, ишарат тілін білу полиция қызметкерлеріне есту қабілеті бұзылған адамдарға көметесу кезінде және төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге көмектеседі.

«Ерекше қажеттіліктері бар адамдар жиі қиын немесе қауіпті жағдайларға тап болады. Сондықтан біздің барлық патрульдік полиция қызметкерлері адамға қолдау және қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік беретін қарапайым қимылдарды меңгереді. Бұл жай ғана ресмилік емес, адам өмірін сақтап қалатын маңызды дағды», – деді Әлекешев.

Енді әрбір патрульдік қызметкер: «Уайымдамаңыз, полиция сізбен бірге, біз сізге көмектесеміз» деген сөздерді қимылмен көрсете білуі керек.

«Бұл әсіресе аудармашы табуға уақыт жоқ немесе қарапайым, бірақ маңызды хабарды жедел жеткізуді қажет ететін төтенше жағдайларда өте маңызды. Бұл тәсіл полицияға есту қабілеті бұзылған адамдармен тез байланыс орнатуға мүмкіндік береді», – деді министрлік өкілі.

Тағы оқыңыз: СҚО дәрігерлері қан айналымы тоқтап қалған науқасты аман алып қалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x