Елімізде мүгедектікті анықтау рәсіміне тәуелсіз сарапшылар тартылады

Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектікті анықтау рәсіміне тәуелсіз сарапшылар тартылады. Әзірге бұл жаңашылдық пилоттық жоба ретінде іске қосылған, деп жазады Qazaqstan Media.

Тәуелсіз сарапшыларға жоғары медициналық білімді, медициналық қызметкердің сертификаты бар, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу мәселелері бойынша кейінгі 5 жылда оқуды аяқтағанын растайтын құжат бар азаматтар үміткер бола алады.
Олардың біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі ескеріле отырып, конкурстық негізде іріктеледі.
Пилоттық жоба аясында мұндай байқауға қазірдің өзінде 50-ге жуық адам қатысты. 18 сарапшы дәрігер іріктеудің барлық кезеңінен өтіп, жұмысқа кірісті.
Сарапшылар медициналық құжаттарды мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінен алынған деректер негізінде электронды және анонимді түрде алады. Істерді бөлу экстерриториялық негізде жүзеге асырылады. Ол дегеніміз сарапшыға тұрғылықты жерінен басқа еліміздің барлық өңірлерінен құжаттар келіп түседі.

«Тәуелсіз сарапшылар институтын енгізу алдымен азаматтар мен сарапшылар арасындағы тікелей байланысты және сәйкесінше сыбайлас жемқорлық құрамдастарын жоюға бағытталған», – деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде.

Медициналық-әлеуметтік сараптамадан соң мүгедектік тобы белгіленген кезде, қажет әлеуметтік төлемдерді тағайындау өтініш берушінің қатысуынсыз белсенді түрде жүзеге асырылады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ЖРВИ жұқтырғандар саны артып келеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x