Жаңа туған нәрестені қауіп-қатерде қалдырған. СҚО полицейлері сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп жазады Qazaqstan Media.

Осыған дейін жас ана босанып, сәбиін қорада тастап кеткендігін жазған болатынбыз. Аталмыш оқиға Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда орын алды. 25 жастағы әйел көрші үйдің гаражында босанып, шарананы сол жерге қалдырып кеткен.
Дүниеге қыз бала келіпті. Босану фактісі қан кеткен әйелді жергілікті дәрігерлер тексергеннен кейін анықталды.

«Әйелдің гаражда бала туғаны анықталды. Осы факті бойынша адам өміріне қауіп төндіру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық жағдайлар анықталуда», — деп түсіндірді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазір әйел аудандық ауруханада жатыр. Оның жағдайы қанағаттанарлық. Бала Петропавлдағы перинаталдық орталыққа жеткізілді. Оның жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жас ана жаңа туған нәрестесін қораға тастап кеткен

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x