Солтүстік Қазақстанда жас ана үй жағдайында босанып, сәбиін көрші үйдің қорасында тастап кеткен. Оқиға Ғ. Мүсірепов ауданында болған, деп жазады Qazaqstan Media.

Белгілісі, 25 жастағы әйел қан кетіп, ауруханаға жүгінген. Дәрігерлер келіншекті тексерген соң оның жас босанған ана екендігін анықтаған. Ол үйде босанып, сәбиін көрші үйдің қорасында тастап кеткен. Қазір ана мен баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

«Жас ана Ғ. Мүсірепов аудандық ауруханасында жатыр, жағдайы тұрақты. Сәби перинаталдық орталыққа жеткізілді. Қазіргі кезде жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында», — деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Аталмыш фактіге қатысты толық ақпаратты білу үшін Qazaqstan Media редакциясы облыстық полиция департаметіне сұрау жолдады. 

Тағы оқыңыз: СҚО-да квадроциклді басқара алмай аударылып қалған ер адам комада жатыр

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x