Солтүстік Қазақстан облысында алтыншы қазанда өтетін рефрендумға қатысты кездесулер мен акциялар қарқын алды. Қоғамдық ұйымдардың өкілдері, белсенділер мен жастар жылдың басты саяси оқиғасын түсіндіруге баса назар аударуда. Олар халықтық дауыс беруге және атом электр станциясын салуға қатысты маңызды деген сұраққа жауап береді, деп жазады Qazaqstan Media.

Алтыншы қазан күні референдум учаскесіне келіп, таңдау жасау кәмелетке толған әр азаматтың міндеті және құқығы. Биылғы саяси науқан атом электр станциясының құрылысына қатысты болып отыр. Екінші қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті халыққа жолдауында референдум өткізу бойынша қаулы қабылдайтындығын айтқан еді. Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет, деген еді президент.

Атом электр станциясының құрылысы туралы ұсыныс былтыр болған. Енді оны салу не салмау туралы шешімді халықтық қабылдайды. Яғни, бұл мәселе референдумда шешілмек. Осы орайда СҚО белсенділері еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуде. Бүгін олар Е. Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжінде болды.

«Біз күнделікті СҚО-да бірнеше еңбек ұжымымен кездесеміз. Алдымен азаматтарға атом электр станциясының тиімді жақтары түсіндіріледі. Қарапайым тілмен айтар болсақ, ол алдымен 8-10 мың адамға жұмыс орны ашылады. Оларды дайындайтын Шығыс Қазақстанда ядорлық институт бар. Станция бір жылдың ішінде салынбайды. Оған кем дегенде 10 жыл уақыт керек. Осы аралықта бізде мамандар дайындалады. Әрі атом электр станциясынан экологияға зиян аз келеді», — дейді халықтық штаб мүшесі Болат Қожахметов.

Колледж педагогтары әрине, референдумның маңыздылығын түсінеді.

«Менің ойымша, әрқайсымыз жалпыхалықтық талқылауға қатысудың маңыздылығын білеміз және түсінеміз. Қазақстанның барлық халқы және біз, колледж ұжымы осы маңызды саяси науқанға ат салысатын боламыз. Алтыншы қазанда өз таңдауымызды жасаймыз», — дейді колледж ұстазы Марал Әбілхасимова.

Атом электр станциясы Алматы облысында салынады деп жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз: Үкім өзгеріссіз қалды: СҚО-да үш адамның өліміне кінәлі деп танылған жүргізушісінің шағымын сот қанағаттандырмады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x