Үкім өзгеріссіз қалды: СҚО-да үш адамның өліміне кінәлі деп танылған жүргізушісінің шағымын сот қанағаттандырмады

Солтүстік Қазақстанда үш адамның өліміне әкеп соққан жол апатына кінәлі деп танылған жүргізушіге шығарылған үкім өзгеріссіз қалдырылды. Апелляциялық сот 63 жастағы Александр Чернобайдың шағымын қанағаттандырмады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Еске сала кетейік, ақпан айында Жезқазған-Петропавл тасжолының бойында ірі жол апаты болды. Петровка ауылының маңында жүк көлігі мен Toyota Camry соқтығысып, жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Машинада болған тағы төрт жолаушы емдеу мекемелеріне жеткізілді. Алайда көп ұзамай 20 жастағы қыз бен 45 жастағы әйел аураханада қайтыс болды.

Осы оқиғаға қатысты жүк көлігінің жүргізушісі Александр Чернобай кінәлі деп танылды. СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда 63 жастағы жүргізуші үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірді.

«СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың 2024 жылғы 22 шілде Александр Чернобайға қатысты шығарылған үкімі өзгеріссіз қалдырылсын. Адвокат пен сотталушының шағымы қанағаттандырылмады. Апелляциялық қаулы жария етілген күннен бастап, яғни 2024 жылдың 13 қыркүйегінен бастап заңды күшіне енсін», — делінген Солтүстік Қазақстан облыстың сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Рысқалиев.

Тағы оқыңыз: Заң бұзғандарды видеоға түсіріп, полицияғахабарлағандарға сыйақы беріледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x