Солтүстік Қазақстан аумағында түнде кей жерлерде ауа температурасы 0-ден төмендеп, үсік жүрді. Мұндай ауа райы 19-шы қыркүйекке дейін сақталады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Өңір аумағында түнде ауа температурасы 4 градусқа дейін төмендеп, топырақ бетінде үсік жүреді. Кейбір аудандарда тұман түсіп, түнгі ызғар 19-шы қыркүйекке дейін сақталады деп болжап отыр синоптиктер.
«16-шы қыркүйек күні кейбір жерлерде түнде термометр көрсеткіші 3,4 градусқа дейін төмендеді. 17-ші қыркүйек күні Есіл ауданында -1 градус, ал Аққайың ауданында 3 градус аяз болды. Оған қоса көктайғақ, тұман түсті», — деп хабарлады Қазгидромет мамандары.
Облыс орталығындағы ауа райына келетін болсақ, термометр бағаны 1 градус жылыға дейін төмендеді. Облыс аумағындағы үсік 19-шы қыркүйекке дейін сақталады деп болжанып отыр.
«18-ші қыркүйекте облыста күн ашық болады. Түнде кей жерлерде 3 градусқа дейін салқындайды. Күндіз 12-17 градус жылы болады. 19-шы қыркүйекте өңірде ауа температурасы күндіз 20 градусқа дейін жылиды. Түнде 2-7 градус болады. Облыстың батыс жақ бөлігінде түнде үсік жүреді», — деп мәлімдеп отыр синоптиктер.
Бұл күндері Петропавлда күндіз 13-15 градус жылы болса, түнде 3 градусқа дейін салқын түседі.
Тағы оқыңыз: Айыртау ауданының әкімі ауысты