Петропавлдық зейнеткер 3 млн теңгесінен айырыла жаздады

Петропавлдық зейнеткер интернет-алаяқтардың құрбаны бола жаздады. 63 жастағы қария өзіне қоңырау шалған жандарға 3 млн теңге аудармақ болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қарияға белгісіз адамдар қоңырау шалып, өздерін күш құрылымдарының бірінің қызметкерлері ретінде таныстырған. Олар қала тұрғынына оның банктік шотына алаяқтар күмәнді операция жүргізіп жатқанын және сол істі тергеп жатқанын айтып сендірген. Тұтқаның арғы жағындағылар бұл әрекетті тоқтату үшін барлық қаржыны басқа банктегі «қауіпсіз шотқа» аудару керек деген.

«Бұны естіген қала тұрғыны қылмыскерлердің нұсқауларын орындау үшін көрсетілген банкке 3 млн теңге сомасында қолма-қол ақша алып бара жатқан. Бірақ бұл ақшаны банкомат арқылы қалай аудару керек екенін білмеген. Сөйтіп, зейнеткер жолда  полиция бекетін көріп, оның ішінде отырған полиция қызметкерінен көмек сұраған. Модульде кезекшілікте отырған патрульдік полиция батальонының инспекторы Алмат Мұхаметқалиев зейнеткерді тыңдап, хабарласқан жандардың алаяқтар екенін айтқан. Осылайша тәртіп сақшысы қылмыстың алдын алды», — деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Петропавлдық зейнеткер 3 млн теңгесінен айырыла жаздады

Кейін инспектор бірден жедел-тергеу тобын шақырған. Бұл факті ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x