Петропавлда жаяу жүргіншіні «КамАЗ» көлігі соғып кетті. Әйел адам ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады, деп жазады Qazaqstan Media.
Оқиға 14 қыркүйек күндізгі сағат 12-лер шамасында болған. Қизатов көшесі бойындағы саяжай қауымдастығы маңында жүк көлігі 60 жастағы әйел адамды қағып кеткен. Жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.
«КамАЗ-ды 52 жастағы жүргізуші басқарған. Қазір сотқа дейнгі тергеу амалдары басталды. ҚР ҚК 345 бабы бойынша іс қозғалды.
Бірқатар сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Петропавлдық жастар референдумға қатысуға шақырады