Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылуы 13 қыркүйек  күні сағат 16:00-де өтеді. Салтанатты шара көрерменсіз болады, деп жазады Qazaqstan Media.

Ойындар дирекциясы бюджеттің қысқаруына байланысты шараның салтанатты шаралар мен көрерменсіз хаттамалық форматта өтетінін түсіндірді. Алайда жабылу салтанатын қазақстандық жетекші телеарналардан тікелей эфирде көруге болады. Ұйымдастырушылар ойындардың жабылуына арналған билеттер сатылымы жоқ екенін айтып отыр.

«Жабылу рәсімі тек қатысушыларға арналған және көрермендердің қатысуынсыз өтеді. Билеттер сатылымда жоқ. Ойындардың жабылу шарасына алаяқтар билет сатуы мүмкін», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында спортшылар 21 ойын түрі бойынша бақ сынады. Этноауылдағы мәдени бағдарламада күн сайын 100-ге жуық іс-шара ұйымдастырылды.
Көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2500-ге жуық адам қатысып жатыр.

Тағы оқыңыз: Петропавл студенттері АЭС туралы викториналық ойынға қатысты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x