Солтүстік Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарларды тұрақтандыру қорына сатып алуға 2,5 млрд теңге бөлінген. Мұнда қазір 11 мың тоннадан астам азық-түлік бар, деп жазады Qazaqstan Media.
Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында 11 мың тоннадан астам өнім және 6 мыңға жуық жұмыртқа бар. Оның ішінде 4520 тонна ұн, 408 тонна күріш, 880 литр күнбағыс майы және 1402 тонна қант. Одан басқа картоп, сәбіз және қырыққабат сынды көкөністер де бар.
«Өңірде өндірілмейтін қант, күнбағыс майы және күріш еліміздің басқа облыстарынан сатып алынады. Қалғаны – жергілікті тауар өндірушілердің өнімі. Биылғы орақ науқаны жауынға байланысты қиын жағдайда өтіп жатса да, агроқұрылымдар тұрақтандыру қорын жаңа өніммен қамтып отыр. Тауар бірден сауда нүктелеріне жөнелтіледі», — деді қордың баспасөз қызметі.
Қазір қысқа көкөністерден қор жиналып жатыр. Өнім «Радуга» ЖШС-нің қоймаларында сақталады. Азық-түлік тұрақтандыру қорының сауда орындарына күн сайын, супермаркеттерге аптасына 3 рет, ал сауда орындарына екі мәрте жеткізіледі. Ауылдық дүкендер де тұрақтандыру қорымен жұмыс істейді. Өтінімдерді аудандардағы кәсіпкерлік бөлімдері қабылдайды.
«Солтүстік» ӘКК сегіз сауда нүктесі бар. Оның жетеуі Петропавлда болса, біреуі Бескөлде орналасқан. Ондағы азық-түліктің бағалары келесідей:
Күріш – 427 тенге;
«Дары Кубани» күнбағыс майы – 460 тенге;
Қант – 460 тенге;
Қарақұмық – 240 тенге;
1 сұрыпты ұн «Радуга» ЖШС (1,8 кг) – 280 тенге;
1 сұрыпты ұн DEZ ЖШС (2кг) – 260 тенге
Картоп – 110 тенге;
Қырыққабат — 97 тенге;
Сарымсақ — 97 тенге;
1 санаттағы жұмыртқаны (10 дана) – 400 тенге.
Тағы оқыңыз: Петропавлда көпбалалы ана өз-өзіне пышақ сұғып алды