СҚО-да мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы ауысты

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы ауысты. Енді бұл қызметті Ержан Қарымсақов атқармақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ержан Қарымсақов 1980 жылы 23 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы мен 2014 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономика және бизнес бакалавры дәрежесі бойынша бітірді.

2001-2005 жылдар аралығында Қызылорда облысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде әртүрлі қызметтер атқарды.

2005 жылдан 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде консультанттан бастап бөлім басшысына дейін жұмыс істеді.

2014-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу департаменті басқармасының бас консультанты.

2016 жылдың қаңтарынан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдың тамызынан 2020 жылдың қазан айына дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

2020 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде басқарма басшысы болып жұмыс істеді.

2020-2024 жылдары — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып қызмет атқарды.

Ал бұған дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып Дулат Тайшабай жұмыс істеген болатын.

Тағы оқыңыз: СҚО-да экология департаментінің басшысы тағайындалды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x