Қазақстанда өткен сегіз айда 43 мың жұп некелесіп, 265 мың нәресте дүниеге келген. Бұл көрсеткіштер бойынша Солтүстік Қазақстан тізімнің соңында тұр, деп жазады Qazaqstan Media.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда 2024 жылдың басынан 43 жұп АХАЖ бөлімінде некелерін задастырған. Ең көп некелесу Алматы қаласында тіркеліпті. Бұл өңірде 14 059 жаңа отбасы пайда болса, Астанада-9 258, Түркістан облысында 6 132 неке қиылған.
Ажырасу бойынша да Алматы мен Астана көш басында. Жыл басынан бері елімізде 13 710 отбасы ажырасуға ниет білдірген.
Жыл басынан Қазақстанда 235 мың нәресте дүниеге келген. Бұл жерде Түркістан облысы алдыңғы қатарда. Аталмыш өңірде 30 973 сәби өмір есігін ашыпты. Одан кейін Алматы-29 002, Шымкент-23 935 және Астанада – 23 330 бала туған.
Туу көрсеткіші бойынша Ұлытау облысы мен Солтүстік Қазақстан ең төменде орналасты. Теріскейде 4 313 бала дүниеге келсе, Ұлытауда – 2 821 бала.
Тағы оқыңыз: Көшпенділер ойындарында Солтүстік Қазақстан палуаны қазақ күресінен чемпион атанды