Солтүстік Қазақстанда төрт адам коронавирус жұқтырып, ем қабылдап жатыр. Оның екеуі жүкті әйел, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бүгінгі күні өңірде COVID-19 жұқтырған төрт пациент стационарлық ем алып жатыр. Оның екеуі жүкті әйел. Сондай-ақ ЖРВИ-ден 18 адам емделсе, олардың ішінде 11 бала бар. Мұны облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
«Өткен тәулікте ЖРВИ-мен төрт пациент емдеуге жатқызылды. Оның ішінде жүкті келіншек, бала бар. Ал бір науқас COVID-19-дан емделіп шықты», — деп баяндады Қаныш Бижанов.
Бүгінгі күні өңірде ЖРВИ жұқтырудың 689 жағдай тіркелген. Оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар арасында 427 жағдай анықталды. 28 жүкті әйел де ЖРВИ жұқтырған.
Облыстың медициналық мекемлерінде вирус жұқтырғандарды емдеу үшін 181 орын дайын. Оның басым бөлігі балаларға тиесілі.
Тағы оқыңыз: АЭС – объективті қажеттілік