Биылғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды екенін айтты. Бұл орайда былтыр бастау алған «Ауыл аманаты» жобасының маңызы зор. Бұл бағдарлама аясында 2023 жылы солтүстікте 1,8 млрд теңгенің несиесі рәсімделген, деп жазады Qazaqstan Media.
Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев әр ауданда азаматтарға түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді үйрететін орталық ашу қажеттігін айтты. Жалпы отандық бизнеске және шетел инвесторларына жол ашу – үкімет пен барлық мемлекеттік органның міндеті.
«Бизнестің және инвесторлардың заңды қызметіне кедергі жасау аса ауыр құқық бұзушылық деп саналуға тиіс. Ондай әрекетке жол бергендер тиісті жазасын алады. Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Ал кәсіпкерлер мен инвесторлар өз жұмысын адал жүргізіп, заңды сақтап, салық төлеуден жалтармауы керек», — деген болатын президент.
Елімізде «Ауыл аманаты» жобасы 2022 басталды. Оның мақсаты – ауыл азаматтарының табысын арттыру, әл-ауқатын жақсарту. Нәтиже көрсеткен бұл бағдарлама аясында енді «тауар несиесін» беру мәселесі қарастырылмақ. Былтыр облыста осы бағдарлама аясында шамамен 1,8 млрд теңгеге 236 өтінім рәсімделді. Қаржыны тұрғындар мал шаруашылығын дамыту, техника мен құралдар алуға жұмсады.
«Бұл жұмыстар биыл да жалғасын тауып жатыр. Қазір өтінімдер пулы құрылды. Жергілікті атқарушы органдар Аmanat партиясымен бірлесіп, төмен пайыздағы несиелер беру бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар, осы бағытта партия жерглікті атқарушы органмен бірлесе жұмыс істеп жатқанын атап өту керек», — Аmanat партиясы «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель.
Тағы оқыңыз: Телефондарын тексеріп беремін деп, несие рәсімдеген: Петропавлда интернет-алаяқ ұсталды