Петропавлдағы Kozybaev университетінің корпусы апатты деп танылды

Петропавлдағы М. Қозыбаев атындағы СҚУ ең көне ғимараттарының бірі апатты деп танылды. Қазір студенттер мен оқытушылар басқа корпустарға ауыстырылған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Жаңа оқу жылы басталғанымен М. Қозыбаев атындағы СҚУ үшінші корпусы жабық. 1958 жылы негізі қаланған тіл және әдебиет институтының ғимараты апатты деп танылды. Сондықтан мұнда білім алып жатқан 700-ге жуық студент пен оқытушылар басқа корпустарға ауыстырылған.

«Бұл университеттегі ең көне ғимараттардың бірі. Оның өзіндік тарихы, архитектуралық стилі бар. Нысан кірпіштен қаланған. Әрине, уақыт өте келе ғимарат ескіріп, қирай бастады. Сондықтан сарапта жасалып, нысан апатты деп танылды. Енді жобалық-сметалық құжат әзірленіп, күрделі жөндеу жүргізледі. Тағы да зерттеулер мен сараптамалар өткізіледі. Содан кейін нақты шешім шығарылатын болады» — деді М. Қозыбаев атындағы СҚУ басқарма төрағасы – ректоры Ербол Исақаев.

Алдын ала болжам бойынша оқу корпусын жөндеуге 1 млрд теңгеге жуық қаржы қажет.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда референдумды өткізуге 15,5 млрд теңге жұмсалмақ

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x