Петропавлдағы әуежайдан 70 мыңға жуық жолаушы ұшқан 

Петропавлдағы әуежайдың қызметін биыл 70 мыңға жуық жолаушы пайдаланған. Ал былтыр 1140 әуе рейсі жасалыпты. Қазір тек ел ішінде ғана ұшақтар қатынасы болса, болашақта халықаралық деңгейге шығу жоспарда бар, деп жазады Qazaqstan Media.

Екінші қыркүйектегі Президент жолдауында әуе хабарын дамыту туралы да айтылды. Мемлекет басшысы ішкі әуе бағыттарын дамытуға айрықша назар аударды. Негізгі туризм нысандарының инфрақұрылымын жақсартып, демалыс аймақтарында сапасы жоғары жол инфрақұрылымы бар әуе бекеттері мен әуежайлар салу керектігін айтқан болатын.

Осы орайда Петропавлдағы әуежайдың да әлеуеті бар. Мәселен, былтыр оның қызметін 90 мыңға жуық жолаушы пайдаланса, биыл алты айдың ішінде 70 мыңға жуық адам ұшақпен жолға шыққан. Қазір Петропавлдан Астана, Алматы, Шымкент қалаларына әуе рейстері бар. Бұл бағыттар мемлекетттік субсидияның арқасында ашылып отыр. Болашақта халықаралық қатынасты орнату жоспарда тұр. Себебі, халық арасында әуе бағыттарына сұраныс бар.

«2022 жылы «Қызыл-Жар» халықаралық әуежайы сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Басқаруға алған серіктестік әуежайдың инфрақұрылымын, қаржылық жағдайын дұрыстады. Ғимарат жөнделді, инженерлік желілер қалыпқа келтірілді. Жанар-жағармай кешені қайта жаңғыртылды. Ол 2018 жылдан бері жұмыс істемей тұрған болатын. Қазір кешен бойынша бірнеше түзетулер болып, ол өзгертіліп жатыр. Кейін әуе кемелеріне жанармай құюға қатысты барлық шектеулер алынып тасталады. Сосын барып туроператорлармен халықаралық әуе байланысы бойынша жұмыстар жүргізілетін болады», — деді СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Мейірхат Әбілмәжінов.

Тағы оқыңыз: Аға буын өкілдері солтүстікқазақстандықтарды референдумға белсенді қатысуға шақырады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x