«СҚО полицейлері интернет-алаяқтыққа қатысты істерді тергеуге құлықсыз» – прокуратура

Петропавлда интернет-алаяқтықпен күресуге бағытталған шаралардың тиімділігі талқыланды. СҚО прокурорлары өткізген алқа отырысында құқық қорғау органдарының мұндай істерді тергеуге құлықсыз екендігі айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңір прокурорлары ұйымдастырған жиында интернет-алаяқтық фактілерінің күн санап артып бара жатқандығы айтылды. Жыл басынан бері аймағымызда осындай 456 қылмыс тіркелген. Алайда, соның 47-сі ғана сотқа дейін жетіпті. Көп жағдайда жәбірленушілердің өздері полицейлерге алаяқтарды көрсетіп берген.

«Өзге істер бойынша тек жалған статистика ғана беріледі. Айталық, полицейлер «ХайТек» және «Анти-Форд» шеңберінде 76 істің ашылғаны туралы есеп берді. Бірақ оның жартысына жуығы, яғни 27 іс тоқтатылған», — деді СҚО прокуратурасы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Максим Доровик.

Сорақысы сол, кейде жәбірленушілер өздері дәлел іздеп, оларды тергеушілерге ұсынғанда да іс алға қарай баспайтын көрінеді.

«Мысалы, жәбірленуші Ширина алаяқтың нөмірін, оның Ақтөбе облысында ақша шешіп алғандығын дәлелдейтін бейнежазбаны ұсынған. Осыған қарамастан қалалық полиция басқармасының тергеушісі Мусина прокурорлардың үнсіз келісімі бойынша тергеуді тоқтатқан. Тағы бір жағдайда полицейлер тек жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алумен ғана шектелген. Мұндай 104 іс анықталды. Бұл полицейлердің интернет-алаяқтыққа қатысты істерді тергеуге құлықсыз екендігін көрсетеді», — деді спикер.

Тағы оқыңыз: СҚО-да бір-бірін екі жыл бойы көрмеген ана мен бала қауышты

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x