СҚО-да 344 шағын жинақты мектеп бар

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева шағын жинақты мектептердің тағдыры  туралы айтты. Бұл орайда министрлік арнайы пилоттық  жоба жасап, жүзеге асырып жатыр. Оның аясында 107 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өткен, деп жазады Qazaqstan Media.

Өңірде 458 мектеп бар, олардың 344-і шағын жинақты. Жаңа оқу жылында 75 мыңнан астам оқушы мектеп партасына отырады. Олардың 7,4 мыңы – бірінші сынып оқушылары.

«Шағын жинақты мектептер білім беру жүйесінде маңызды рөл атқарады. Олар шалғай және ауылдық жерлерде сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Министрлік шалғай елді мекендерден келген балалардың білім алуын қамтамасыз ету, біріктірілген сыныптардың мәселелерін шешу мақсатында пилоттық жоба әзірледі. Сондай-ақ ауылдық және шағын жинақты мектептерде білім сапасын арттыру да қамтылған. Бұл жоба аясында өңірден 107 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті», – деді Наталья Жұмаділдаева.

Сапар барысында бірінші вице-министр өңірдегі білім ордаларының жаңа оқу жылына дайындығын тексерді. Айыртау ауданындағы бірнеше оқу орындарының тыныс-тіршілігімен танысты.

Бірінші вице-министр «Білім берудегі 1000 өзгеріс көшбасшысы» бағдарламасы бойынша жұмысты күшейтуді, педагогтерді қолдауды, білім сапасын арттыруды тапсырды. Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді міндеттеді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басынан бері жол-көлік апатынан 21 адам қайтыс болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x