Солтүстік Қазақстан облысында балық инспекциясы сауда орындарында күмәнді рейдтер жүргізген. Кейін анықталғандай, бұл іс-шаралар заңсыз болып шықты. Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасы мұндай заң бұзушылықты әлеуметтік желіге жарияланған жазбаның арқасында анықтаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері полицейлермен бірлесіп рейдтер жүргізген. Олар Петропавл және Астана қалалары, сондай-ақ Ақмола облысының сауда орталықтарында болған. Тексеру нәтижелері туралы олар Instagram әлеуметтік желісінде жазған. Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері бұл ақпаратты оқып, заң бұзушылықтар бар деп тапқан.
«Желідегі жазбалардан рейдтер осы жылдың қаңтар, мамыр және шілде айларында болғанын байқауға болады. Мамандар балық аулауға тыйым салынған құралдарды тексерген. Осындай рейдтердің бірінде ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы бойынша әкімшілік іс те қозғалыпты. Аталмыш бап жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін заңсыз сатып алу, өткізу, тасымалдау, әкелу, әкету, сақтауға қатысты», — деп атап өтті СҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Айдос Кенбейілов.
Кәсіпкерлік кодекстің нормаларына сәйкес, уәкілетті орган тексеру іс-шараларын тек тікелей балық шаруашылығы су айдындарында жүргізуге құқылы екен.
Сауда объектілерін тексеруге келетін болсақ, тыйым салынған құралдарды заңсыз сатуды анықтау үшін де инспекторлар бірқатар процедураларды сақтауы керек. Ең алдымен, олар тексерулерді тағайындау туралы актіні ұсынуға міндетті. Сонымен қатар, құжат құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелуі керек. Алайда мұндай тіркеу болмаған. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамада «рейд» немесе «рейдтік іс-шара» сияқты мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысаны жоқ.
Өз кезегінде, отырысқа қатысқан инспекция бөлімінің бас маманы Амангелді Қажығалиевтың айтуынша, бұл тек профилактикалық рейдтер болған. Инспекторлар тек жадынамалар таратып, қандай балық аулау құралдарын сатуға тыйым салынғанын түсіндіріпті. Алайда, балық инспекциясының әлеуметтік желілеріндегі жазбаларда басқаша ақпарат тұр.
«23-24 шілдеде Есіл облысаралық бассейндік инспекциясының мамандары Ақмола облысының сауда нүктелерінде, Астана және Петропавл қалаларында рейдтік іс-шаралар жүргізді. Ол тыйым салынған балық аулау құралдарының заңсыз саудасын анықтау және бұғаттауға бағытталды. Балық аулауға тыйым салатын шаралар анықталған жоқ», -деп жазылған әлеуметтік желіде.
Бірақ балық инспекциясының өкілі бұл жазбаның мағынасына түсініктеме бере алмады.
«Егер инспекторлар профилактикалық әңгімелер мен түсініктемелер өткізуді жоспарласа, онда бұл өз аумағында жасалуы керек. Сондай-ақ, өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында жұмыс істеуге болады», — деп атап өтті Айдос Кенбейілов.
Нәтижесінде, Есіл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы қызметкерлерінің іс-әрекеттерінде бұзушылықтар деп танылды. Оны кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес мүшелері байқады. Бұл лауазымдық өкілеттіктердің артуы және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібінің бұзылуы.
Сондықтан Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы барлық жағдайды тексереді. Бұзушылықтар расталған жағдайда, қадағалау органы кінәлі лауазымды адамдарды қатаң тәртіптік жауаптылыққа тарта отырып, шаралар қабылдайтын болады.
Тағы оқыңыз: Петропавлда Кеңес үкіметінің төлқұжатымен тұрып жатқан азамат анықталды