Облыстық Qyzyljar телеарнасына жаңа басшы келді. Енді арнаға Разия Ыдырысбаева жетекшілік ететін болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Разия Ыдырысбаева 1976 жылы 5 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1994 жылы «Қазақстан» телерадиокорпорациясынан бастаған. Әр жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ хатшысы, қоғамдық-саяси, спорт және әскери-патриоттық бағдарламалар бөлімінің әкімшісі, «Ел қорғаны» бағдарламасының жүргізушісі, арнайы репортаждар бөлімі әлеуметтік бағдарламалар шығармашылық бірлестігінің редакторы, шеф-редакторы, «Еуразия-1» телеарнасында жобалар координаторы, атқарушы продюсері болып еңбек етті.

Qyzyljar телеарнасына жаңа басшы тағайындалды

2014 жылдың мамыр айынан «Қазақстан» РТРК» АҚ телеарнасының Стратегиялық маркетинг департаментінің директоры, филиалдармен жұмыс жөніндегі департаментінің продюсері; 2016 жылдың желтоқсан айынан «Алтын қор» телерадиоқоры департаментінің директоры қызметін атқарып келді.⠀

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері. 2023 жылы «Болашақ» Халықаралық бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Нью Йорк қаласында New york film academy «Журналистика. Коммуникациялық менеджмент. Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша бір жылдық тағылымдамадан өтті.

Айта кетейік, облыстық телеарнаны 14 жылға жуық уақыт бойы басқарған Ерлан Тоқшылық басқа қызметке ауысты. Енді ол М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті ректорының кеңесші қызметін атқармақ.

Тағы оқыңыз:М. Жұмабаев ауданында ер адамның мәйіті табылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x