Петропавлда су басқан шағын аудандар абаттандырылады

Петропавл қаласы әкіміне Былғары зауыты кентінің тұрғындары да өз өтінішімен келді. Олардың сөзінше, шағын ауданда табиғи апаттан кейін жолдардың жағдайы нашарлап кеткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Былғары зауыты кентінің тұрғыны Махида Қасенованың сөзінше шағын аудандағы көптеген баспана апатты деп танылған. Сүріліп тасталғаннан соң жолдарда үлкен шұңқырлар пайда болыпты. Осыған байланысты резеңке етік киіп жүруге мәжбүрміз дейді ол. Сонымен қатар кентте кішкентай балаларға арналған ойын алаңдары жоқ.

Петропавлда су басқан шағын аудандар абаттандырылады

«Біздің шағын ауданда көпбалалы отбасылар көп тұрады. Ал ол жерде мүлдем ойын алаңдары жоқ. Қала әкімі ретінде осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймыз. Және жасөспірім балалар да бар. Оларға да спорттық тренажерлар орнатып берсеңіздер», — деді Махида Қасенова.

Былғары зауыты кентінде көптеген тұрғынның үйі апатты деп танылған. Баспана иелері Бірлік шағын ауданына көшкен. Алайда, олар өз итттерін тастап кетіпті. Салдарынан қазір шағын ауданда қаңғыбас иттер саны көбейген.

«Су басқан шағын аудандардың барлығында аббаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Сүріліп тасталған үйлердің орнына балалар алаңдары орнатылып, ағаштар отырғызылады. Ал қаңғыбас иттерді біз ешқайда жібере алмаймыз. Оларды заңға сай чиптеп, арнайы есепке алу жұмыстары жүргізілетін болады», — деді шаһар басшысы.

Тағы оқыңыз:Петропавлда автокөлік жүргізушісі велосипедшіні қағып кетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x