Петропавлда қоғамдық көлік жүргізушісі 11 жастағы баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен оқушы ауруханаға жеткізілді, деп жазады Qazaqstan Media.
Оқиға 23 тамыз күні Петропавл қаласында болған. Yutong маркалі қоғамдық көлік жол қозғалысы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелінде баланы қағып кеткен.
Автобус жүргізушісі 64 жаста, ал баланың жасы 11-де.
Бала түрлі дене жарақатымен балалар ауруханасына жеткізілді. Полицейлер аталмыш факті бойынша сараптамалар жүргізу үшін материал жинап жатыр.
Тағы оқыңыз:https://qaz-media.kz/kk/s%d2%9bo-da-k%d3%99sipkerge-kedergi-keltirgen-sheneunik-zhazalandy/СҚО-да кәсіпкерге кедергі келтірген шенеунік жазаланды