СҚО-да бірнеше минутқа қан айналымы тоқтап қалған зейнеткер құтқарылды

Солтүстік Қазақстан облысында жедел жәрдем қызметкерлері қан айналымы алты минутқа тоқтап қалған зейнеткердің өмірін аман алып қалды, деп жазады Qazaqstan Media.

64 жастағы ер адамның жағдайы туралы хабар жәдел жәрдем станциясына 22 тамыз күні келіп түседі. Зейнеткерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге  бірден 3 маманнан құралған фельдшерлік бригада шығады.

Дәрігерлерге ер адам кеудесі ауырып тұрғандығын айтқан. Ал ЭКГ-ны алар кезде қан айналымы тоқтап қалады. Мамандар дереу ACLs стандарттары бойынша кеңейтілген реанимациялық іс-шараларды бастайды.

«Жанама жүрек массажы, Амбу қапшығымен желдеткіш, екі рет дефибрилляция жүргізілді. Адреналин, Сантадарон препараттары енгізілді,  алты минуттық реанимациялық әрекеттен кейін қан айналымы қалпына келді. Кейін науқас кардиологиялық орталыққа жеткізілді», — деп жазылған медциналық ұйым таратқан хабарламада.

Қазір науқас есін жиған. Өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Тағы оқыңыз: СҚО-да тұрғындардың 41% ғана көмір алып үлгерген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x