Елімізде несиеден өз еркімен бас тарту құқығы 2024 жылы ақпанда енгізілді. Енді заңға сәйкес, 1 қыркүйектен бастап азаматтар кредит алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеп, бірақ банк несие рәсімдеген болса борышты есептен шығару міндетті, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі Stan.kz сілтеме жасап.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәлімдеуінше, несие аляқтық жолмен рәсімделген болса азамат банк омбудсменіне барып арыз жазады. Несиенің алаяқтық жолмен алынғанын дәлелдеуі керек. Егер ол несиені алаяқтар алғанын дәлелдесе, сот шешімі шыққанша кредиттің өсімі мен төлемі уақытша тоқтайды. Сот шешімінен кейін кімнің кінәлі екені белгілі болады.
Егер азамат ерікті түрде несиеден бас тартып, ал банк соған қарамастан несиені рәсімдеп қойса бұл банктің кінәсі болмақ.
Сонымен қатар биыл 20 тамыздан бастап биометриялық идентификациядан өтпеген клиентке электронды банк кредиті мен онлайн микрокредит беруге тыйым салынды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, 461 мың азамат несие алудан өз еркімен бас тартқан.
Тағы оқыңыз: Петропавлда студентті пышақтаған мектеп оқушысы сотталды