Петропавлда 19 жасар жігітті пышақтап кеткен мектеп оқушысына қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушы Стародубцев 3 жыл алты айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавл қалалық сотында нөмір 44 мектеп маңында болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қаралды. Естеріңізге сала кетейік, Петропавлда мектеп оқушысы 19 жастағы жігітті пышақтап кеткені туралы жазған едік. Оқиға 15 мамыр күні сағат 11-лер шамасында болған. Оқушы мектептен шығып, сол жерде студент жігітпен кездескен. Кейін екеуі жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан. Бұл сәт мектептің бейнебақылау камераларына түсіп қалған еді.

«Тергеу амалдары жүргізіліп, айыпталушы Стародубцев 19 жастағы жігіттің іш қуысына пышақпен әдейі соққы беріп, оның асқазан мен ұйқы безіне  зиян келтірген. Қылмыстық әрекеті үшін айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігіне сай 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру көзделген.  Бірақ, ол  өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтқаннан соң жазасы жеңілдетілді. Нәтижесінде, сот үкімімен ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол  жазасы қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінде өтейтін болады.Үкім заңды күшіне енген жоқ», — делінген облыстық сот таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыз:СҚО-да қауіпті қалдықтарды лицензиясы жоқ кәсіпкерлер жойып келген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x