Облыстық әкімдік отырысында күзгі орақ науқанына дайындық қаралды. Қазір өңір аграрилерінің алдында егінді толығымен сапалы түрде қамбаға құю мәселесі тұр. Дегенмен, биыл облыстағы ауа-райы орақ науқанына өз әсерін тигізетін көрінеді. Сол себепті аймақ басшысы барлық аудан әкімдеріне шаруаларға мүмкіндігінше көмектесуді тапсырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media .

Жалпы қазіргі уақытта, өңір күзгі орақ науқанына дайын. Ауыл шаруашылығы техникасы 100% жөндеуден өткен. Сонымен қатар, жыл басынан бері облыс агроқұрылымдары жалпы сомасы 31,6 млрд. теңгеге 1163 жаңа техника сатып алған. Бірақ, күзгі жиын-терім ауа-райына байланысты қиын жағдайда өтеді деп болжанып отыр.

«Тамыз айында облыстағы жауын-шашын  белгіленген мөлшерден көп болмақ. Осы айдың үшінші онкүндігінде құбылмалы ауа-райы сақталады. 28 тамызға дейін жауын жауып, бұршақ жаууы мүмкін деп күтіледі. Қыркүейк айында өңірдегі ауа температурасы тамыз айымен салыстырғанда 5-10 градусқа төмендейді. Келесі айдың алғашқы он күндігінде жаңбырлы ауа-райы сақталады», — деді «Қазгидромет» РМҚ СҚОФ директоры Қымбат Мерғалымова.

Қазір өңірдегі барлық элеваторлар жаңа астықты қабылдауға  100% дайын. Облыста 46 астық қабылдау пункті бар, олардың сыйымдылығы 3,2 млн. тонна. Ал ауыл шаруашылығы құрылымындағы нысандарды қоса алғанда, облыс бойынша сыйымдылық 6,9 млн. тонна. Биыл мемлекет  өңір агроқұрылымдарына 59 мың литр жеңілдетілген дизель отынын ұсынды. Оның бір литрі 250 теңге.

 «Біз тамыз айының үшінші онкүндігінде, мүмкін қыркүйек айының басында  орақ науқанын толықтай бастаймыз. Аграрлы аймақ болғандықтан соң біз жақсы нәтиже көрсетуіміз керек. Барлық шаруалар тәжірбиелі. Бірақ, аудан әкімдері де аграрилерге көмектесулеріңіз керек. Қатаң түрде тапсырамын. Шаруалар бізсіз ақ өз өнімдерін жинап, қамбаға құяды. Бірақ, орақ науқаны ауа-райына байланысты қиын болмақ. Барлық мүмкіндікті қолданып, күзгі жиын-терінді жақсылап аяқтауымыз керек», — деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x