Солтүстік Қазақстанда artemia salina шаяндарын заңсыз аулағандар ұсталды. Бұл өңірде тәркіленген ірі партия болып отыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Заңсыз шаян аулағандарды полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, облыстық прокуратурамен бірлесе отырып 6637 әскери бөлімінің «Б» тобының әскери қызметшілері ұстады.

СҚО-да заңсыз ауланған artemia salina шаянының ірі партиясы тәркіленді

Жедел уәкілдермен жүргізілген ауқымды жұмыстың нәтижесінде 13 тамызда Қызылжар ауданының аумағында «КамАЗ» жүк көлігінен 260 қап шаян жұмыртқалары тәркіленді. Тағы 242 қап Бескөл ауылындағы қоймадан табылған. Қазіргі уақытта Тайынша ауданының 35 және Петропавлдың 29 жастағы тұрғыны   күдікті ретінде ұсталды. Екеуі де бұрын бұзақылық пен ұрлық жасағандығы үшін сотталған. Күдіктілер заңсыз әрекетін Тайынша ауданындағы Қалыбек тұзды көлінде жасаған.

«Алынған artemia salina цисталарының жалпы салмағы 24 тоннаны құрады. Бұл облыс аумағында алынған ең ірі көлем, — Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес, күдіктілер 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Асқар Мұхаметқалиев.

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x