Петропавлда бензин талонмен беріліп жатыр

Солтүстік Қазақстанда бензин талонмен беріліп жатыр. Бұл жағдай кейбір жанар-жағармай құю бекеттерінде апта соңына дейін сақталуы мүмкін, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қазіргі кезде облыста 114 жанармай құю станциясы бар.  Олардың негізгілері — «Северная Топливная Компания»ЖШС, «Эталон Регион» және «Промгаз» ЖШС.  Оларға Шельф, Трасса 24 және Эталон бекеттері кіреді.

Қазір бұл бекеттерде 12 күнге жететін Аи-92 маркалі бензиннің қоры бар. Қалған келісімді мұнай өнімі жолда келе жатыр екен. Бағасы өзгеріссіз, литріне 202-205 теңге.

«12 тамыздан бастап АИ-92 бензині «Шельф» жанармай құю бекетінің 13 нүктесінде талон арқылы жіберілді. Себебі, өнім жолда болған еді. Қазіргі кезде бензин мұнай базаларына әкелінді. Аудандарда бензин еркін сатылымға шығады. Ал Петропавлда әзірге талонмен жіберілетін болады», — деді СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы бөлімінің бас маманы Мадина Бердібекова.

Сонымен қатар АИ-92 бензині Трасса 24 бекеттерінде аптаның соңына дейін талонмен ғана берілетін болады. Оған өнімнің әлі жеткізілмеуі себеп.

Ал Аи-95 маркалі бензин еркін сатылымда бар.

Тағы оқыңыз: Көп қан жоғалтқан: Петропавлда дәрігерлер пышақ жарақатын алған келіншектің өмірін аман алып қалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x