Петропавлда есірткі сайттарын жарнамалайтын жазулар боялды

Петропавлда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті. Оны өңір прокурорлары ұйымдастырған. Олар полиция қызметкерлері және еріктілермен бірге есірткі сайттарын жарнамалайтын жазуларды бояды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Соңғы кездері үйлердің қабырғаларында, аялдамаларда, гараждар мен ғимараттардың сыртында есірткі сайттарының жарнамасы қаптаған. Қызығушылық танытып көрсетілген жазбаны ұялы телефоннан терсеңіз есірткі сатумен айналысатын жандардың құрығына түсіп қалуыңыз әбден мүмкін. Сондықтан өңір прокурорлары арнайы акция ұйымдастырып, мұндай жазбалардың көзін жоймақ.

Петропавлда есірткі сайттарын жарнамалайтын жазулар боялды Петропавлда есірткі сайттарын жарнамалайтын жазулар боялды Петропавлда есірткі сайттарын жарнамалайтын жазулар боялды

«Қазіргі күні әлеуметтік желілерде есірткіні жарнамалайтындар көбейді. Соның арқасында есірткі заттары қолжетімді бола түсті десе да болады. Сондықтан біз «Нашақорлыққа жол жоқ!» деген атаумен акция ұйымдастырып отырмыз. Шараға  полиция қызметкерлері және еріктілер тартылған. Тұрғындардың да белсенділік танытуын сұраймыз. Егер есірткі сайттарын жарнамалайтын жазуды көрсеңіздер бізге хабарласыңыздар», — деді СҚО прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау басқармасы бастығының орынбасары Максим Доровик.

Прокуратура қызметкерлері, полицейлер және еріктілерден құралған бірнеше топ қаланың барлық аудандарын аралап, осындай жазулардың көзін жойды. Брусиловский көшесі бойындағы ғимараттардың бірінің қоршауында бірден 4-5 жазба  қалдырылған екен. Оны акцияға қатысушылар лезде бояп тастады.

Петропавлда есірткі сайттарын жарнамалайтын жазулар боялды Петропавлда есірткі сайттарын жарнамалайтын жазулар боялды

«Мұндай акцияға алғаш рет қатысып отырмын. Өкінішке қарай, осы сынды жазбалар өте көп. Солардың бірнешеуін бүгін анықтап, бояп тастадық. Жалпы, жастарға мұндай сайттарға кірмеуге кеңес беремін», — дейді ерікті Әнел Досанова.

Әрине, мұндай жазбалардың барлығын бір күнде өшіріп тастау мүмкін емес. Сондықтан прокурорлар мұндай акцияларды жиі ұйымдастырып отырмақ. 

Тағы оқыңыз: Дүкен иесін өлтіріп, қарақшылық жасаған: СҚО-да алқабилер ақтаған қос азаматтың ісі қайтадан сотта қаралмақ

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x