Бүгін Петропавлдағы Орман шағын ауданында шыққан өрттен зардап шеккен азаматтың жағдайы ауыр. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Петропавлда тоққа тағылған ұялы телефон қуаттағышынан өрт шығып, 56 жастағы петропавлдық зардап шеккенін хабарлап едік. Иіс тиіп уланған азаматтың жағдайы белгілі болды.
«Зардап шегуші көпсалалы қалалық жедел жәрдем ауруханасына көмірқышқыл газының улануы диагнозымен өте ауыр жағдайда түсті. Ол шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. Науқас қазір комада жатыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз:«Солтүстік» пен «Ұлытау» ӘКК тәжірибе алмаспақ