МӘМС жарнасын төлейтін қазақстандықтар үшін МРТ мен компьютерлік томография арзандайды

Денсаулық сақтау министрлігі міндетті медициналық сақтандыру жарнасын төлейтін қазақстандықтар үшін кейбір медициналық қызметтердің тарифтерін төмендетуді ұсынды. Елімізде МРТ және компьютерлік томография арзандамақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бұйрық 12 тамызда «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Белігілі бір органдарға жасалатын компьютерлік томография (КТ) және магнитті-резонанстық томографиясы (МРТ) арзандайды:

  • КТ бағасы 9621 теңгеден 7976 теңгеге дейін төмендейді;
  • Контрастілеуді қажет ететін КТ бұған дейін 29 955 теңге болса, енді 24 705 теңгеге арзандайды;
  • МРТ бағасы да 12 247 теңгеден 8750 теңгеге төмендеді;
  • Контрастілеуді қажет ететін МРТ құны 34 735 теңгеден 29 605 теңгеге түседі.

Жоба 26 тамызға дейін қоғамдық талқыға түседі. Сондай-ақ құрылған күннен бастап 10 күн өткен соң күшіне енеді. Денсаулық сақтау министрлігі жаңа тарифтер 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енетінін мәлімдеді.

Тағы оқыңыз:Жамбыл ауданындағы Пресноредуть ауылында  мәдени-демалыс орталығы салынып жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x