Жерлес велошабандоз Алексей Луценко басқа командаға ауысады

Солтүстікқазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Israel — premier Tech құрлықаралық велокомандасына ауысып жатыр. Ол 2026 жылдың соңына дейін жалғасатын екі жылдық келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы велоспорт федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media.

2013 жылдан бастап Алексей Луценко Astana командасында өнер көрсетіп келген еді. Ол команда сапында 43 рет жеңіске жеткен. Оның ішінде елеулі дегендері мыналар: «Тур де Франс» және «Вуэльта Испания» кезеңдеріндегі жеңістері, «Оман турындағы» екі жеңісі, «Алматы турындағы» үш жеңісі, сондай-ақ «Түркия турында», «Джиро Сицилияда», «Джиро д ‘Абруццода», «Норвегияның Арктикалық жарысында» және «Хайнань Туры».
Алексей Луценко Astana командасынан кетуінің себебін де айтқан. Айтуынша, ол жаңа жеңіске жету үшін жайлы орынды таңдамақ.

«Astana командасында өткізген 12 тамаша жылдан кейін мен жаңа мақсаттарға жету үшін мотивация іздеймін. Кейде жаңа нәрсеге қол жеткізу үшін жайлы жерді ауыстыруға тура келеді. Astana Qazaqstan-дағы өз өткізген уақытым туралы тек жақсы жағынан айта аламын. Мен команданың арқасында көп нәрсеге қол жеткіздім, бірақ менің жаңа ортада үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндігім бар деп ойлаймын. Israel-premier Tech командасының қызметкерлері мен велошабандоздарының арасында менің көптеген достарым бар. Мен команданың тез дамып келе жатқанын көрдім. Болашақта ол тек күшейе түседі деп ойлаймын. Команда басшылығымен қарым-қатынаста мен команданың өсуіне, соның ішінде дамуды жалғастыруға және жалпы іске үлес қосуға қызығушылық таныттым», — деді Луценко.

Сонымен қатар велошабондоз өзінің басты мақсаты — классикалық жарыстар екенін айтты. Ол жерде нәтижелер үшін күресуге болатынын және бір апталық жарыстарда бас классификацияда жоғары орынға ие болуға мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда күз жылы болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x