Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов үкімет кулуарында Петропавл қаласының атын ауыстыру туралы айтты, деп жазады Qazaqstan Media.
Ғауез Нұрмұхамбетовтың сөзінше, қала атауын ауыстыру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе емес екен. Одан өзге де жылдам шешуді талап ететін сұрақтар бар, деді әкім.
«Бұл сұрақ дәл қазір өзекті емес. Себебі, одан да маңызды әлеуметтік мәселелер, экономикалық дамуға қатысты мәселелер бар. Мен бұл сұрақ мүлдем көтеріліп жатқан жоқ дей алмаймын. Қала атауын ауыстыру керек деп ойлайтындар да бар. Сондай-ақ әлі уақыты келген жоқ деп ойлайтындар да бар. Бұл- саяси мәселе емес», — деді ол.
Сондай-ақ БАҚ өкілдері осы сұраққа қатысты жеке көзқарасын сұрады. Әкім ең алдымен, халықтың пікіріне назар аударатынын айтты.
«Біз бірінші кезекте тұрғындардың пікірін ескереміз. Егер адамдардың көбі қала атауын өзгертуді қолдаса, біз қарастырамыз»,- деді облыс әкімі.
Тағы оқыңыз:Петропавл тұрғыны 47 жастағы әйелді балтамен ұрып жіберген