Уәлиханов ауданы: Кішкенекөлден Ресей шекарасына дейінгі жол жөнделеді

Уәлиханов ауданында жолдарды жөндеу қарқын алған. Аталмыш аудандағы инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуын СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бақылады, деп жазады Qazaqstan Media.

Қазіргі кезде Дәуіт ауылынан Кішкенекөлге дейінгі жолға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, Кішкенекөлден Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі жол бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары басталады. Ұзындығы 35 шақырымды құрайтын «Өндіріс-Жұмысшы-Мырзағұл» облыстық жолы жөнделіп, елді мекендер арасындағы қатынас жақсармақ.

Сондай-ақ мұнда су тасқыны кезінде зардап шеккен көпір қалпына келтірілуде. Ақтүйесай ауылында 11 көшеге асфальт төселіп, ауылда фельдшер-акушерлік пункт салынуда.

Аудан орталығы – Кішкенекөлде бірқатар маңызды әлеуметтік нысандар пайдалануға берілмек. Бұл — заманауи емхана және спорт залы бар жабық бассейн. Сондай-ақ аудан орталығында стадион мен мектеп күрделі жөндеуден өтуде.

Сонымен қатар облыс әкімі «Жолдасбай Агро» серіктестігінің егістік және астық қабылдау нысандарында болып, Уәлиханов ауданының шаруаларымен кездесті.

«Ақжар ауданында Бостандық-Киевское жолындағы жөндеу жұмыстарының барысын тексердім. Талшық пен Тайыншадағы орталық қазандықта жылыту маусымына дайындық барысын қарап шықтым. Сондай-ақ Тайынша ауданында бөдене фермасы мен Alabota GCK ЖШС асыл тұқымды асылдандыру кешенінде болдым», — деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда Назарбаев зияткерлік мектептері үш жыл ішінде 16,4 млрд теңге қаражат игермеген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x